ЖҰМЫСКЕР АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ!

ЖҰМЫСКЕР АУЫЛЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ!

Бүгін ауданымызға қарасты Тағылы ауылдық округінің Жұмыскер ауылындағы ескі ғимарат ел азаматтарының демеушілігімен күрделі жөндеуден өтіп шағын спорт кешені болып ашылды.Аталмыш кешеннің салтанатты түрде ашылуына аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев бастаған әкімдік өкілдері, белгілі спорт жаттықтырушылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын қуанышты күндерімен құттықтап, кешеннің ашылуына демеушілік көрсеткен ауыл азаматтарына аудан әкімінің "Алғыс хаттары” мен естелік сыйлықтарын табыстап, жаңадан ашылған спорттық нысанға аудан әкімінің атынан қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті. Өз кезегінде жергілікті ауыл әкімі Н.Ариновта спорт нысанының салынуына қомақты көмек көрсеткен бір топ ауыл азаматтарына “Алғыс хатын” табыстап, ризашылығын білдірді. Осыдан кейін, ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Боқайтегі жүрекжарды жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, ТОО “Матан” фирмасының жетекшісі М.Жадаев бокс үйірмесіне керек-жарақтарын сыйға тартты. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсенбаев пен спорт қайраткері С.Әлкенұлы салтанатты түрде ашылу лентасын қиды.