ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Тұрғындарының түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында аудан әкімі М.Мұхтаров азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді.
Аудан басшысының қабылдауына келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келгендер жер мәселесімен жүгінді. Қабылдау барысында аудан басшысы бөлім басшыларына мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар жүктей отырып, заңдылыққа сәйкес жауап берді.