ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АУДАНЫМЫЗДА!

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АУДАНЫМЫЗДА!

Кеше ауданымызда жұмыс барысымен еліміздегі денсаулық сақтау министрі А.Ғиният пен облыс әкімінің орынбасары Е.Алпысов болды. Министрдің сапары ауылдық елді мекендердегі медицина құрылымдарының материалдық – техникалық базаларымен танысуға арналды. Іс – сапар барысын министр алдымен ауданымызға қарасты Қызылқой ауылындағы медициналық пунктінен бастап, Төменгі Қайрақты ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктін және аудан орталығындағы аудандық орталық ауруханаға ғимаратын аралады. Айта кету керек, биылғы жылы Қызылқой ауылында медициналық пункт мен Төменгі Қайрақты ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктін салу жоспарлануда. Ал, өткен жылы аудан орталығындағы аурухананың жанында иесіз тұрған 2 қабатты инфекциялық ғимаратқа жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі жүргізіліп, биылғы жылы жалғасын таппақ. Жалпы алғанда биыл ауданның елді мекендерінде халықтың шоғырлануына байланысты 10 фельдшерлік акушерлік, 11 медициналақ пунктерін салу жоспарланып отыр екен. Сонымен қатар, екі күн бойы республикалық ғылыми зерттеу институтынан көптеген жоғары білікті дәрігер мамандары арнайы келіп, аудан орталығындағы аурухана базасында тұрғындарға медициналық көмек түрлерін көрсетті.