Құрметті қариялар, қадірменді аға буын ұрпақ өкілдері!
Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Дана жұртымыз «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деп, қай уақытта болсын ақылшы қарттарын құрметтеп, үлкеніне ізет көрсете білген. Біз, әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы аға буын өкілдерінің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі. Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына айрықша үлес қосуда. Сол себепті, барша ардагер аға-апаларымызға үлгі болар өнегелі істері үшін шынайы алғысымды білдіремін. Дендеріңізге саулық, ұзақ өмір, жан жылуы мен жақын туыстарыңыздың, ұрпақтарыңыздың сүйіспеншілігі мен ықыласын тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!