АУДАНЫМЫЗҒА ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ КЕЛДІ

АУДАНЫМЫЗҒА ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ КЕЛДІ

АУДАНЫМЫЗҒА ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ КЕЛДІ


Ауданымызға арнайы жұмыс сапармен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Адамбеков Тілектес Серікбайұлы келді. Қарағанды облысына жоспарланған іссапар аясында, аудан әкімі М.Мұхтаровпен бірге ауданымыздан өтетін Алматы – Екатеринбург республикалық тас жолына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан «SINE MIDAS STROY» және «CITIC Construction CO LTD» ЖШС-нің жұмысын бақылап, ондағы жұмысшылардың жағдайымен танысты. Атап айтқанда, жұмысшылардың айлық жалақысын уақытылы беру, еңбек шартына өзгертулер енгізу бойынша тапсырмалар берді. Алдағы уақыттарда аталған тапсырмалардың орындалу барысын қадағалау мақсатында ауданымызға іссапар барысымен қайта келетінін жеткізді.