ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ


Бүгін аудан орталығында «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында 2022 жылғы білім беру саласы қызметкерлерінің аудандық тамыз кеңесі өтті.
Аталмыш шараны аудан әкімі М.Мұхтаров ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Сондай –ақ, білім бөлімінің басшысы Е.Смағұл «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында баяндама жасады. Бұл шара пікір алмасу мақсатында өткендіктен бірқатар спикерлер өздерінің баяндамаларына тоқталып, залдан туындаған сұрақтарға қысқаша жауап берді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында білім беру саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министірлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен бірқатар педагогтар марапатталды.