АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ!

АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ!

Бүгін ауданымызға қарасты Ақадыр кенті әкімінің 2022 жылдың I жарты жылдықта атқарылған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы жергілікті тұрғындар алдындағы есеп беру жиналысы өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев және ауданның сала бөлім басшылары мен жергілікті тұрғындар қатысты. Жиын барысында кент әкімі А.Әбілдин өткен II тоқсанда атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар, аудан басшысы Ақадыр кентінде биылғы жылы атқарылған айшықты істерді халыққа жеткізді. Оның айтуынша келер жылы аталмыш кентке облыс басшылығының қолдауымен және аудандық бюджет қаражаты арқылы ел игілігіне арналған жоспарлы жұмыстарға қомақты қаржы бөлінбек. Ал, тұрғындар тарапынан кентішілік жолдарды жөндеу, тұрғын үй мәселелері, кентте жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және тағы да басқа жеке мәселелер көтерілді. Барлық көтерілген мәселелердің жауабы беріліп, алдағы жұмыс жоспарына алынды.