АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУДЕ.

АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУДЕ.

Кеше Ақой, К.Поляна ауылдық округтері мен Дәрия кентінің әкімдері 2022 жылғы II тоқсанда атқарылған жұмыстар мен алда тұрған жоспарлар туралы есептік кездесулерін өткізді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров пен ауданның сала бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты. Кездесулердің негізгі жаңа форматы ол туындаған мәселелерге және алдағы жоспарларға қатысты халықпен ашық диалог ретінде өтуі.Мәселен,
Ақой ауылының тұрғындары жаңа жедел жәрдем көлігін беруді және ескірген электр энергиясының жүйелерін жаңарту керектігін алға тартса, Дәрия кентінің тұрғындары тарапынан дәріхана қажеттігі айтылды. Аудан басшысы дәріхана мәселесінің шешу жолдарын түсіндіріп, ауданның бас дәрігеріне барлық мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан түскен сұрақтардың оң шешімін табуын жеке бақылауына алатынын және биылғы жылы да ауданның бірқатар елді мекендерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасын табатынын жеткізді.
Жиын соңында аудан басшысы жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелеріне қатысты сұрақтарға жұмыс жоспарына алды.