АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА.

АУЫЛ, КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА.

Бүгін ауданға қарасты Көктіңкөлі, Батық және Бұрма ауылдық округтерінің әкімдері тұрғындар алдында ll тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары мен алда тұрған жоспарлары туралы есеп берді. Есептік кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, ауданның сала бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Аталмыш кездесулер сұрақ-жауап форматында өтіп, көпшілік көкейлерінде жүрген сауалдарын жергілікті билік өкілдеріне қойды.
Сонымен қатар, жиын барысында тұрақты жұмыс сұраушы кейбір азаматтарға жұмыс тауып беруді аудан әкімі тиісті бөлім басшыларына тапсырып, барлық мәселенің өз бақылауында болатынын жеткізді.
Есеп беру соңында аудан басшысы өзге де мәселелері бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, заңдылыққа сәйкес жауап берді.