АУЫЛ,КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ!

АУЫЛ,КЕНТ ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ!

Ел Президенті барлық деңгейдегі әкімдердің жергілікті халықпен кездесулерін жиі өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, ауданымыздағы ауыл,кент әкімдерінің II тоқсан бойынша қорытынды есеп беру кездесулері басталды. Бекітілген кесте бойынша бүгін алғашқы болып, Ақшоқы, Талды және Нұраталды ауылдық округтерінің әкімдері ел алдында атқарылған жұмыстары мен жоспарлары туралы есеп берді.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.
Округ әкімдерінің елді мекен тұрғындарымен кездесуі сұрақ- жауап форматында өтті. Ауыл тұрғындары тарапынан кейбір елді мекендерге мал жайылымы, жер алу мен электр тоғының қуаттылығы сынды өзекті мәселелер көтерілді. Мәселен, Нұраталды ауылының жұртшылығы ауылдың электр тоғының күші аз екенін айта кетсе, ал, Ақшоқы ауыл тұрғындарының басым көпшілігі жерге қатысты мәселелерді алға тартты. Осыған орайда, аудан әкімі өз кезегінде, жер алу мәселесінің шешу жолдарын түсіндіріп, осы ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыстарды жүзеге асыруды тиісті басшылыққа тапсырды. Сонымен қатар, округ әкімдеріне ауыл тазалығы мен ажарын алдыңғы кезекке қою қажеттігін атап өтті. Осы айтылғанның барлығы жеке бақылауында болатынын жеткізіп, жиналысты қорытындылады.
Есеп беру соңында аудан басшысы халықты өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.