ҮҢІРЕК АУЫЛЫНЫҢ 90-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ.

ҮҢІРЕК АУЫЛЫНЫҢ 90-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ.

Кеше ауданымыздың Үңірек ауылында осы елді мекеннің 90 жылдығына арналған "Туған жер - тұнған тарих Үңірегім" атты ауқымды мерейтойлық іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімдігінің өкілдері мен ауыл тұрғындары, сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен құрметті қонақтар қатысты. Іс-шарада аудан әкімі М.Мұхтаров барлық ауыл тұрғындарын торқалы мерекесімен құттықтап, тарихы кең өлкенің көрнекті тұлғаларына тоқталды, сондай-ақ алдағы істер туралы айтты. Салтанатты шарада еліміздің азаматтары да құттықтау сөз сөйлеп, шақырылған өнер жұлдыздары өз әндерін орындады. Ашылу салтанатынан кейін барлық тілек білдірушілер қазақ күресі, көкпар, арқан тарту, қошқар көтеру, аламан бәйге бойынша жарыстарды тамашалады. Қызу жарыс аяқталғаннан кейін мерейтойлық іс-шараның салтанатты жабылуы өтті. Мұнда әр спорт түрінің жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, талантты әртістердің кезекті өнер көрсетулеріне ие болды. Ауылдың мерейтойын жоғары деңгейде атап өту ұйымдастырылды.