Құрметті жерлестер! 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Құрметті жерлестер!  7 мамыр - Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Дана халқымыз "Ер - елінің қорғаны" - дейді. Қай заманда болмасын ата-бабаларымыз сүйем жер үшін сүйегін беріп, қадым жер үшін жанын қиып, байтақ отанды қорғаудың жарқын үлгісін көрсете білген.
Сол асылдарымыздың тағылымды жолын жалғап, тыныштығымызды қас қақпай күзетіп жүрген бүгінгі ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Бейбітшілікті сүйген Тәуелсіз еліміздің мәртебесін биіктетіп, абыройын арттыра түсетін қуанышты күндеріміз көп болсын!
Барша еліміздің Қарулы күштері қатарында қызмет еткен және әлі күні сапта жүрген Отан қорғаушыларымызға айтар алғысымыз шексіз. Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, елдігімізді нығайту жолындағы қажырлы еңбектеріңізге табыстар тілеймін.