"Халық алғысы" медальдарымен марапатталды.

"Халық алғысы" медальдарымен марапатталды.

Елімізге төтеннен келген індет салдарынан туындаған пандемия ешкімді де айналып өткен жоқ.Талай отбасына қайғы әкелген коронавирус індетімен күресуде жан аямай бұқара қауымға көмекке ұмтылған жандардың әрекеттері ерлікпен тең. Сол бір қиын шақтарда аудан тұрғындарына көмек қолын созып, игі іске белсенділік танытқан жандар "Халық алғысы" медалына ұсынылған болатын. Осыған орай, бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров пандемия кезінде аз қамтылған отбасылар мен көп балалы аналарға қомақты көмек көрсеткені үшін "Әміре" шаруа қожалығының директоры А.Амрин, 2020 жылы наурыз-сәуір айларында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айрылған тұлғаларға әлеуметтік төлем төлеу штабын басқарып, жоғары деңгейде жұмыс атқарғаны үшін әлеуметтік саласының еңбек ардагері Т.Маханбетова және пандемия уақытында індетке қарсы денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыс атқарғаны үшін "Шет ауданының орталық ауруханасы" КММ директоры А.Аманжоловтарды "Халық алғысы" медальдарымен марапаттап, жергілікті халық атынан алғысын білдірді.