КИІКТІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ.

КИІКТІДЕ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ.

Бүгін ел Тәуелсіздігінің ордалы 30 жылдық тойына тарту болған ауданымыздағы киелі мекен Киікті ауылында белгілі сазгер, бекзада өнер иесі, ауыл тумасы С.Мұхамеджанов атындағы жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті.
Жаңа мектептің салтанатты түрде лентасын қию құрметі ауыл ақсақалы К.Сағымбеков пен құрметті азамат Ж.Мусин, ардагер ұстаз А.Ахметоваларға беріліп, ақ жаулықты аналар шашуларын шашты.
Жергілікті халықтың қуанышына облыс әкімінің орынбасары А.Нүкеновта келіп, аудан ғана емес, аймақ үшін де аса маңызға ие жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, білім ордасына 10 млн теңгенің сертификатын тапсырды. Өңір басшысының орынбасарынан кейін сөз алған аудан әкімі М.Мұхтаров тұрғындарды тәуелсіздік тойына орайласып отырған қуаныштарымен құттықтап, ауыл тұрғындарының сұранысында жүрген жаңа мектептің салынуына қолдау көрсеткен өңір басшысы Ж.Қасымбекке аудан жұртшылығы атынан алғысын білдіріп, мектеп ұжымына заманауи теледидар мен құрылыс жұмыстарының барлық талаптарға сай сапалы жасалынуына жауапты болған мердігер «Аман – құрылыс» ЖШС –нің бас директоры А.Ә.Маштаевқа аудан әкімінің «Алғыс хаты" мен естелік сыйлығын табыстады. Сонымен қатар, мектеп қабырғасын қалаған «Аман – құрылыс» жекеменшік шектеулі серіктестігінің өкілі Б.Каукаев мектеп кілтін білім шаңырағының директоры Ж.Смағұловаға салтанатты түрде табыстады.
Шырайлы шарадағы салтанатты жиыннан соң, облыс әкімінің орынбасары А.Нүкенов пен облыстық білім басқармасының басшысы Г.Қожахметова бастаған қонақтар мектеп ғимаратына саяхат жасап, толығырақ танысты.