МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ!

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ МАРАПАТТАЛДЫ!

Бүгін еліміздегі ауылшаруашылық және агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің күні мерекесіне орай, аудан әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға аудан әкімдігінің өкілдері, мекеме басшылары, аудан шаруа қожалықтарының жетекшілері мен ветеринария және ауылшаруашылығы салаларының мамандары қатысты. Мерекенің ашылу салтанатында аудан әкімі М.Мұхтаров барша аталмыш сала мамандарын кәсіби мейрамдарымен құттықтап, «Еңбек А» шаруа қожалығының жетекшісі М.Әділқұл мен Төменгі Қайрақты ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі З.Қойшыбаевқа ауыл шаруашылық министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады. Осыдан кейін, Ақшатау кенттік округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Д.Нурекин, «Нұрлан» шаруа қожалығының жетекшісі М.Секебаев, «Мешіт» шаруа қожалығының жетекшісі Т.Ареновтар кенді аймағымыздың қоғамдық - саяси өміріне белсене қатысып және әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі мен еселі еңбектері үшін облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Үш сай» шаруа қожалығының жетекшісі С.Смағұлов облыс әкімінің «Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Е.Рашидов, «Айбол» шаруа қожалығының жетекшісі Н.Жаңбырбай, «Райымбек» шаруа қожалығының жетекшісі Ю.Струк, «Нұржанат» шаруа қожалығының жетекшісі М.Қасенбековтер аудан әкімінің «Құрмет» грамотасымен және аудандық ветеринариялық станциясының эпизоот – дәрігері А.Оразалин, аудандық ветеринариялық станциясының Ақжал ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері Б.Макашев, аудандық ветеринариялық станциясының Ақжал ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері К.Рысбаева, аудандық ветеринариялық станциясының Босаға ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері А.Тәжіғұл, аудандық ветеринариялық станциясының Шет ауылдық округінің операторы Д.Әшірбекова аудан әкімінің «Алғыс хаттарына» ие болды. Марапаттау рәсімінен кейін мәдениет саласының қызметкерлері мереке иелеріне әннен шашу шашты.