ТӨМЕНГІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ!

ТӨМЕНГІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ  ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ!

Бүгін ауданымызға қарасты Төменгі Қайрақты ауылдық округінің әкімі болып Аешев Жандос Құралұлы тағайындалды. Жаңа округ басшысын аудан әкімі М.Мұхтаров таныстырып, алдағы атқарар жұмысына табыс тілеп, сенім білдірді.
Жандос Құралұлы Аешев 1982 жылы 25 наурызында Төменгі Қайрақты ауылында дүниеге келген. Мамандығы "заңтану", "құқық магистрі". Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды қаласында жеке шаруашылықтан бастап, 2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметке кіріп, Қазыбек би атындағы аудандық сотында жұмыс атқарған. Кейіңгі уақыттарда сот саласында, ауданның ішкі саясат саласында әр түрлі қызметтер атқарған. Осыған дейін Төменгі Қайрақты ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарған Д.Жакупов қызмет ауыстыруына байланысты орнынан босатылды.
Аталған таныстыру рәсіміне аудандық маслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, жергілікті қоғам белсенділері мен округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысып, Ж.Құралұлын жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Округті көркейтуге барша күш жігерін салады деген сеніммен бізде жаңа әкімді қызметімен құттықтаймыз!