Спортшыларымыз марапатталды

Спортшыларымыз марапатталды

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров еліміздің намысын әлемдік додаларда қорғап жүрген, жерлес спортшыларымызды ресми түрде қабылдады.
Атап айтқанда, жуырда Өзбекстан мемлекетінің астанасы, Ташкент қаласында самбо күресінен өткен Әлем Чемпионатында аудан мақтаныштары Жананиет Рахат алтын жүлдегері атанса, Дәртаев Айдын қола жүлдеге иеленді. Қабылдау барысында аудан әкімі спортшыларымызды естелік сыйлықтары мен алғыс хаттарымен марапаттап, ақшалай сертификаттарын табыстады.
Сондай-ақ, аудан басшысы «Қарағанды облысының жауынгерлік өнер қауымдастығының» спорт жөніндегі менеджері С.Абдикаримов, «Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлік мектебі» КММ-нің басшысы Д.Есимханов пен «Қарағанды облыстық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы» Президенті Е.Халилинді қабылдады. Кездесу барысында аудан әкімі жеңімпаздар мен спорт саласында қызмет атқарып жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көріне беруге тілек білдірді.