Игі істер марафоны

Игі істер марафоны

Ауданда «қайырымдылық істер марафоны» жалғасу аясында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатында, ауданымыздың кәсіпкер азаматы Түсіпбеков Қанат Қуанышбекұлы бірқатар көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын созды. Өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігі, туған елге және жерге деген көз қарасының ерекше екенін айқын көрсетті. Атап айтатын болсақ Шагирова Мейрамкүлдің үй жайын қарап, керекті азық- түлік пен қамтамасыз етіп және заманауи үлгідегі телевизор сыйға тартты. Сонымен бұл шара өз жалғасын тауып, кезекті әлеуметтік жағдайы төмен Сымайылова Күлпән апамен танысып, азық-түлік пен өзіндік сый құрметін көрсетті. Аудан халқы Түсіпбеков Қанат Қуанышбекұлына жақсы лебіздерін білдіріп, ерекше ілтипат танытуда.