Халыққа көмек көрсетілуде

Халыққа көмек көрсетілуде

Бүгін ауданымызда Үйі апатты жағдайда және үй кезегінде тұрған көп балалы зейнеткер, аяулы ана 80 жастағы Қалдыбаева Зақыш апаға, ауданымыздың азаматы, жалпы аудан аймағы бойынша 2016 жылдан бері «Тау шаруа» қожалығының басшысы қызметін атқарып, осы күнге дейін қарапайым халықтың жағдайын түзетуге өзіндік үлес қосып жүрген Түсіпбеков Қанат Қуанышбекұлы аудан орталығынан өз қаражатына үй сатып алып берді. Аталмыш шара Тұңғыш Президент Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ел «Тәуелсіздігінің 30- жылдығы» және «Қайырымдылық істер марафоны» жобасы аясында өтті. Үйді табыстау рәсімі аудан әкімі М.Мұхтаровтың қатысуымен болды. Сондай-ақ өзіннің жомарттығымен, кеңшілдігмен көзге түскен Түсіпбеков Қанат Қуанышбекұлына аудан әкімі «алғыс хат» беріп ерекше құрметін білдірді