АҚЖАЛ КЕНТІНДЕГІ АМБУЛАТОРИЯҒА РЕАНИМОБИЛЬ КӨЛІГІ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ!

АҚЖАЛ КЕНТІНДЕГІ АМБУЛАТОРИЯҒА РЕАНИМОБИЛЬ КӨЛІГІ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ!

Бүгін ауданымыздағы «NOVA – Цинк» кәсіпорны Ақжал кенттік амбулаториялық мекемесіне шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған «Реанимобиль» көлігін сыйға тартты. Аталмыш шара Тұңғыш Президент Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығы» және «Қайрымдылық істер марафоны» жобасы аясында ұйымдастырылған. Аталмыш көлікті салтанатты түрде табыстауға аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері, NOVA – Цинк кәсіпорнының бас директоры С.Асан мен кәсіпорын кеңесшісі С.Қойшанов, Шет ауданының құрметті азаматтары С.Қамбаров пен Ж. Мұқатайұлы, аудандық орталық аурухана басшысы А.Аманжолов пен медицина қызметкерлері арнайы қатысты. Мамандардың айтуынша мұндай көлік адам өмірін арашалауда аса зор көмегін тигізеді екен. Себебі, реанимобильде шұғыл көмек көрсетуге қажетті барлық жабдықтармен, нақтырақ айтқанда реанимациялық және акушерлік жинақтар, өкпені жасанды желдету аппараттары, дефибрилляторлар және басқа да аспаптар орнатылған. Шараға қатысушылар ұзақ жылдардан бері кенттегі медициналық қызметкерлер мен тұрғындардың сұранысындағы көліктің берілгені айрықша риза көңілдерін білдіріп, осынау игілікті іске демеушілік көрсеткен NOVA – Цинк кәсіпорнының басшысы мен ұжымына ақеділ алғыстарын жеткізді