Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Карсембаев Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы тамыз айына белгіленген Әкім сағатын өткізді. Әкім сағатына ауданымыздың 63 әлеуметтік желі қолданушылары қатысып, 40-қа жуық сұрақтар қойылды. Тікелей эфир барысында қойылған бірқатар сұрақтарға эфир барысында жауап берген болса, кейбір сұрақтарды жұмыс жоспарына алды. Сонымен қатар, ауданның ағымдағы жағдайы баяндалып, ауданымыздағы эпидемиологиялық жағдай, вакцинациялау және мобильдік топтардың жұмыстарының жүргізілуі бойынша ақпараттар келтірді.