Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді спортшылар мен жаттықтырушылар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесімен құттықтаймын! Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады.
Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатады. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды тек биіктен көрсетіп келеді. Бұл Қазақстан спортының әлемдік деңгейде дамығандығын көрсетеді. Биыл өткен Токио жазғы олимпиада ойындарында, әлем елдері түгел қатысқан додада еліміз 19 спорт түрінен қатысып, 8 қола медаль еншілеген болатын. Аталған додаға ауданымыздың спортшысы Жансай Смағұловта қатысты. Ауданымыз үшін бұл да бір белес, бұл да бір жетістік.
Ауданымыздың абыройын асқақтатып спорт әлемінде өшпес із қалдырған спортшыларымыз да, талай додаларда бағын сынап, ауданымыздың абыройын асқақтатып, ел мерейін үстем етіп жүрген тұғырлы өлкеміздің сайыпқыран саңлақтары да жетерлік.
Қазақ халқының ұлттық өнері – құсбегілікті биікке көтеріп, саясаткерліктің сәнімен шет елдерді де тамсандырған ауданымыздың спортшылары көпке мәшhүр.
Спорт әлемін өркендетуге өрнекті із қалдырған еңбегімен ел құрметіне бөлеген аға буын өкілдері өз алдына бір төбе. Заманның дауылдары мен жауындарынан ықпаған, ел намысын жықпаған мәрт мінезді Шет ауданы халқының тұғырлы тұлғалары тарих тақтасына алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз. Кейінгі жас ұрпақтарда спорттан құр алақан емес, спорттың қай түрінен болса да майталман спортшыларымыз ауданымыздың мерейін асқақтатуда.
Сіздерді осынау мерекелеріңізбен құттықтай отыра, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!