Аудан әкімінің іс - сапары

Аудан әкімінің іс - сапары

Аудан әкімі М.Мұхтаров іс – сапар барысымен ауданымызға қарасты Дәрия кентіне барып қайтты. Алдымен жуырда өткізілетін сайлау науқаны жұмыстары мен сайлау учаскесін бақылап, дайындық барысымен танысты. Келесі кезекте кенттегі білім ошағының жылу құбырын көріп, алда атқарылатын жөндеу жұмыстарының сапасына айрықша көңіл аудару қажеттігін тапсырды. Кент тұрғындары көтерген жол мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Дәрия кентіндегі ұзындығы 23 шақырымды құрайтын кіре беріс автокөлік жолына 2020 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Аудан әкімі аталған жолмен жүріп, жолдың жағдайын көріп, кенттегі бірнеше тұрғынмен кездесу өткізді. Тұрғындар аталған жолдың асфальтталуын қалайды, сапасы жағынан оң пікірде. Жыл сайын аталмыш жолды тегістеу, күтіп ұстау жұмыстары уақытылы атқарылып келеді. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын таппақ. Сондай- ақ кенттің тазалығы мен абаттандыру жұмыстары және ағымдағы жағдайларын да қарап шықты. Аталмыш жұмыстар үнемі күн тәртібінде және қатаң бақылауда болатындығын жеткізді.