Құрбан айт мерекесі қалай өтеді

Құрбан айт мерекесі қалай өтеді

«Құрбан айт (Құрбан байрам) мейрамын мерекелеу кезінде Қарағанды облысы тұрғындарының санитарлық – эпидемиологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету туралы» Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылдың 19-21 шілде аралғындағы Құрбан айт (Құрбан байрам) мерекесі кезінде Қарағанды облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекция (бұдан әрі – КВИ) одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында кезекті қаулы шығарды.
Құжатқа сәйкес, Құрбан Айт мерекесі кезінде халықтың жаппай жиналуымен іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, дәстүрлі құрбан шалу тек арнайы бекітілген жерде жүзеге асырылады. Бұл шараны онлайн түрде де рәсімдеуге болады.
- Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үйлер мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынады;
- Малды автомашиналардан және жеке меншік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салынады;
-Малды сою және өткізу ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою пункттері мен алаңдарда (ветеринариялық қызмет бекіткен тізбеге сәйкес аудандарда сою пункттері, алаңдар) жүргізілуі тиіс.
Облыстың барлық аумағындағы мал сою пункттерінде күшейтілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізіледі.
«Құрбандық шалу онлайн режимде Qurban2021.kz сайтқа тапсырыс беру арқылы жүргізіледі. Бұл ретте, мұқтаж адамдарға тасымалданатын тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық қағидалардың талаптарын сақтауға міндетті», - деп түсіндірді Қарағанды облысы Санитариялық-эпидемиологиялық депратаментінің баспасөз қызметі.
Қаулы 2021 жылғы 16 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.