Аудан әкімі М.Мұхтаров іс-сапар барысымен С.Сейфуллин кенті және Бұрма, Ақой ауылдық округтерінде болды. Іс-сапар барысында ауылдық округтердің жоспардағы жұмыстары мен орындалған жұмыстарының сапасын қадағалап, аталмыш ауыл, кенттердің хал-ахуалы, тыныс-тіршілігімен танысты.
✅С.Сейфуллин кентіндегі Бейбітшілік көшесінен Б.Жәмиев көшесіне дейінгі 1 жарым шақырымдық жолдың жөндеу жұмыстары мен жаңадан салынған спорттық алаңның сапасымен танысып, кенттің санитарлық жағдайы мен абаттандыру жұмыстарын да бақылап қайтты.
✅Бұрма ауылдық округіне қарасты Сарыарқа көшесінің бойына жүргізілетін жарықтандыру жұмыстарын тексеріп, ауылдық округтің әкімшілік ғимаратын, ауылдың тазалығын, абаттандыру жұмыстарын көріп қайтты. Сонымен қатар, Ақой ауылдық округіндегі салынған көше жолының сапасы мен құрылысы аяқталуға жақын М.Едігеев көшесінің бойындағы сквердің жұмыс барысымен танысты.
✅Айта кетелік, аудан басшысы ауданға қарасты барлық елді мекендердегі тазалық және басқа да жұмыс барыстарын аралап көруді жоспарлауда.