Ақадыр кенті әкімінің міндетін атқарушы М.Айқынбаев 5 жылдық даму жоспарын қорғады.

Ақадыр кенті әкімінің міндетін атқарушы М.Айқынбаев 5 жылдық даму жоспарын қорғады.

Ақадыр кенті әкімінің міндетін атқарушы М.Айқынбаев 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров пен мекеме басшылары қатысты. Ақадыр кентінде атқарылған жұмыстарымен таныстыра келе, болашақ еншісіндегі даму жоспарын айта кетті. Алда негізгі кентішілік көшелеріне жарық бағаналарын орнату, көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарынан өткізу, балаларға арналған ойын алаңы мен жаяу жүргіншілерге арналған жол салу сынды жұмыстар жүргізілетін болады. Кенттегі спорт мектебіндегі футбол алаңының маңына жүгіру жолын салу, Мәдиев көшесіндегі саябақты қалпына келтіру, ескі үйлердің шатыры мен қасбетін жөндеу жоспарда. Сонымен қатар, аудан әкімі кенттегі аурухана, су қоймалары бойынша көтерілген мәселелерді реттеу, теміржол бойындағы тазалықты қадағалау сынды тапсырмалар берілді.