Нұраталды ауылдық округінің әкімі Е.Құтышев округтің 5 жылдық даму жоспарын қорғады

Нұраталды ауылдық округінің әкімі Е.Құтышев округтің 5 жылдық даму жоспарын қорғады

Нұраталды ауылдық округінің әкімі Е.Құтышев округтің 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Бұл жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан әкімінің орынбасарлары және мекеме басшылары қатысты. Округ әкімі атқарылған жұмыстары мен алда жасалуға тиіс жұмыс жоспарымен бөлісті. Нұраталды ауылына интернет желісін қосу, Шопа, Ақсу ауылдарына салынатын көп салалы спорттық корт жобасын қарау, балаларға арналған ойын алаңын салу, салық түсімін реттеу, мал сою алаңын салу, игерілмейтін жерді қайтаруға жұмыс жасау керектігін тапсырды.

Тағылы ауылдық округінің әкімі Н.Аринов аудан әкімінің алдында 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Жиынға аудан орынбасарлары мен мекеме басшылары қатысты. Ауылдық округте орындалған жұмыстарды таныстыра келе, алда орындалуға тиісті жұмыс жоспарымен бөлісті. Округке ФАБ салу, көше бойына жарық шамдар орнату, ауыл маңындағы зираттарды қоршау, салық түсімін азайту, игерілмейтін жер телімін қайтару бойынша жұмыстардың орындалуына тапсырма берілді.