С.Сейфуллин кентінің әкімі А.Балғабек 5 жылдық даму жоспарын қорғады.

С.Сейфуллин кентінің әкімі А.Балғабек 5 жылдық  даму жоспарын қорғады.

С.Сейфуллин кентінің әкімі А.Балғабек 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары да қатысты. С.Сейфуллин кентінде атқарылған жақсы жаңалықтарымен таныстыра келе, болашақ еншісіндегі даму жоспарын айта кетті. Кент көшелеріне жарық бағаналарын орнату, көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарынан өткізу, балаларға ойын алаңын салу, кенттің кіре берісіне стелла орнату, мәдениет үйін жөндеу, салық түсімін азайту, мал санын қадағалау, мал сою алаңын салу бойынша тапсырмалар берілді.

Кеншоқы ауылдық округінің әкімі Б.Жұматов 5 жылдық даму жоспарын қорғады. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме басшылары қатысты. Ауылдық округте атқарылған жұмыстармен танысқаннан соң, алда атқарылатын жұмыстармен таныстырып өтті.
Көше бойына жарық шамдарын орнату, Нұра орта мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, балаларға арналған ойын алаңын салу, "Түйетас" тауының баурайына демалатын орын салу, ауыл жанындағы зиратты қоршау және құжаттарын рәсімдеу сынды тапсырмалар берді