Коронавирусқа қарсы вакциналау туралы

Коронавирусқа қарсы вакциналау туралы

 

Коронавирусқа қарсы вакциналау туралы

Вакциналау, халық арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы коронавирустың ең тиімді алдын-алу амалы болып саналады. Ал ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін елдегі ересек тұрғындардың кем дегенде 60% - ын вакциналау керек. Елімізде жаппай вакциналау жұмыстары жүріп жатыр, бірақ ауқымды қамту туралы айтуға әлі ерте.

Елімізде вакциналауды жеделдету үшін 8 сәуірден бастап Электрондық үкімет порталында вакциналауға жазылу жаңа қызметі іске қосылды. Нұсқаулықта қалай өтініш беру керек, вакцинаны қай жерде алуға болатыны, вакциналау қаншалықты қауіпсіз және вакциналаудан кейін не істеу керек екендігі толық сипатталған.

Егер сіз коронавирусқа қарсы вакцина алғыңыз келсе не істеуіңіз керек?

  1. Елімізде вакциналау ерікті екенін еске саламыз. Әр-бір азамат кез келген вакциналау орынында екпе ала алады. Бірақ төмендегіні ескерген жөн.

Егер сіз емханада вакцина алғыңыз келсе, алдымен DamuMed мобильді қосымшасы арқылы (жеке кабинетте учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу және ескертпеде мақсат-КВИ-ға қарсы екпе алу екенін көрсетіп) немесе телефон арқылы немесе электрондық үкімет сайты арқылы тіркелуіңіз керек.

Учаскелік дәрігер, сізді вакциналау кестесіне қойғаннан кейін жеке нөміріңізе вакциналау күні, уақыты және орыны көрсетілген SMS-хабарлама жібереді. Вакцина қабылдауға келгенде өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы шарт.

  1. Шет ауданында Covid-19 қарсы екпені қай жерде алуға болады?

Шет ауданында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау тұрғылықты екі орында, яғни аудандық орталық ауруханасы мен Ақадыр кенті ауруханасында жүзеге асырылып жатыр. Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес вакциналау орындары күнде тәңертеңгі сағат 08.00 дан кешкі сағат 20.00 ға дейін жұмыс атқарады. Аудандық орталық ауруханасында, байланыс телефон нөмірлері: 8(710-31)79-9-99 және

8(710-31) 50-5-82, 8705 3142688. Ақадыр кенті ауруханасында, байланыс телефон нөмірлері: 8(710-33) 2-73-50 және 8777 3227875.

Оның сыртында, осы екі ауруханада жылжымалы вакциналау топтары құрылған. Бұл топтар ауданның басқа да елді мекендеріне барып коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жұмыстарын жүргізеді.

  1. EGov порталы арқылы вакциналауға қалай жазылуға болады?

Вакциналауға жазылу үшін сізге, электрондық үкімет порталында авторизациядан өту керек, әрі қарай "Қызметке онлайн тапсырыс беру" бөліміне өтесіз, өтінімді бергенде өзіңіз тіркеуде тұрған медициналық ұйымды ғана және вакциналаудың уақытын көрсетесіз, жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысасыз, электрондық үкімет порталынан медициналық ұйымға баратын күні мен уақыты көрсетілген хабарламаны аласыз (қосымша сізге SMS-хабарлама да түседі).

  1. КОВИД-19 қарсы кім вакциналанбайды?

 Коронавирус инфекциясына қарсы төмендегі жағдайда вакциналау жүзеге асырылмайды: егер адам вакциналанудан бас тартса, 18 жасқа толмаса, әйелдер жүкті немесе бала емізетін болса, медициналық қарсы көрсеткіштер бойынша дәрігер вакциналанудан шеттетсе, вакцинаның кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық, 37 градустан жоғары дене қызуы, ЖРВИ белгілері, өткір жұқпалы және жұқпалы емес аурулар, ауыр аллергиялық реакциялар бар болса.

  1. коронавирус инфекциясымен ауырған адамдарға вакциналау қажет пе?

Коронавирустық инфекциямен ауырған соң, алты ай өткен соң, вакциналану қажет. Және де бұл аурудың ауырлығына байланысты емес.

  1. Қандай жанама әсерлер болуы мүмкін?

Вакциналаудан кейін, кейде қысқа мерзімді тұмаурату, миалгия (бұлшықет ауыруы), артралгия (буындар ауыруы) сияқты белгілер пайда болады. Сонымен қатар, инъекция орынындағы ауырсыну, гиперемия (дененің екпе жасалған жерінің қызаруы), ісіну секілді жергілікті белгілер көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл белгілер бірер күнде өздігімен жойылып кетеді.

  1. Вакциналаудан кейін иммунитет қашан пайда болады?

Бірінші дозамен егілгеннен кейін 12-14 күн ішінде бастапқы иммундық жауап пайда болады. Егер сіз осы уақытта коронавирус жұқтырсаңыз, онда ауру асқынусыз жеңіл түрде өтеді. 32 - 56 күндер аралығында тұрақты иммунитет қалыптасады.

  1. Вакциналаудан кейін не істеуге болмайды?

Вакциналаудан кейін үш күн ішінде, инъекция орнын сулауға, моншаға немесе саунаға баруға, алкогольді ішімдік ішуге болмайды. Шамадан тыс күшке түсетін жұмыс істемегеніңіз де дұрыс болады.

  1. Вакциналау туралы кеңесті қайдан алуға болады?

Covid-19-ға қарсы вакциналау мәселелері бойынша кеңес алуға болатын call-орталықтың нөмірі: Қарағанды облысы бойынша – 8 (7142) 57-50-60 (тәулік бойы)

 

 

 

Аудандық орталық аурухананың

СӨС дәрігері   Д.Нұртаев