«Парыз 2021» конкурсы жарияланды

«Парыз 2021» конкурсы жарияланды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2021» конкурсының басталғаны туралы хабарлаймыз.

Конкурс екі кезеңде, яғни өңірлік және республикалық деңгейде өтеді. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.

Конкурс лауреаттарының атақтары:

  1. шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
  2. ірі кәсіпкерлік субъектісі;

Және мынадай номинациялар бойынша беріледі:

  1. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).
  2. «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда үміткерлердің еңбек жағдайларын құруда жұмыскерлердің денсаулығын сақтау әрекеті қаралады.
  3. «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
  4. «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе shetsobes@mail.ru электрондық мекенжайына 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты 8/71031/21180, 21583 телефондары арқылы алуға болады