Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру

Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті ақылы қызмет көрсету келісім шарты бойынша санақ персоналын қабылдайтынын хабарлайды:

 

 

Нұсқаушы-бақылаушы

Интервьюер (тіркеуші)

Жұмыс кезеңі

2021 жылғы 25 мамырдан бастып 8 шілдеге дейін

2021 жылғы 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін

Негізгі функциялар

Интервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу, санақ парақтарының толық толтырылуын, алынған алғашқы статистикалық деректердің қамтылуын және шынайылығын бақылау

Үй шаруашылықтары арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте электрондық түрде халық санағын жүргізу, тұрғылықты халықтың санын нақтылай отырып, елді мекендерде санақ объектілерінің тізімін жасау, санақ объектілерінің бар-жоғын картографиялық материалмен салыстырып тексеру

Еңбекақысы

125 мың теңге (жұмыстың барлық кезеңінде)

орташа жүктеме 1200 санақ объектісі болған жағдайда 83 мың теңге

 

Білім деңгейі: жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, жалпы орта білім, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз.

Жеке құзіретіне қойылатын талаптар: талдамалық ойлау, ықпал ете білу, командамен жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, әдістемешілдік, нормативтілік, нәтижеге бағдарлау.

Түйіндемелер Шет ауданының статистика басқармасының электронды мекенжайына қабылданады stat_shet@mail.ru.

Анықтама телефондары: 8 71031 21362, 8 71031 21499