Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидалары.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың

2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру шарттары

 

          1."Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған, халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және жүгінген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеген адамдар және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылай қолдау алмаған Бағдарламаға қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.

  1. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға атаулы әлеуметтік көмек алушылар, аз қамтылған және көпбалалы аналар, жұмысқа жарамды мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек бала күтімінде отырған аналарға басымдық беріледі.
  2.   Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.
  3.   Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.
  4. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.
  5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді.
  6. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар Бағдарламаға қатысушыларға бір рет ғана беріледі.
  7. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алатын, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері үшін, сондай-ақ өтініш білдірушілердің ішінен көшіп келушілер мен оралмандар үшін және бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқыған тұлғаларға, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу сертификаты талап етілмейді.

         9.Бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтағаны және бұрын өтеусіз және қайтарымсыз негізде, салалық шектеусіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмағаны туралы құжаттың болуы міндетті шарттар болып табылады.

 

.Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алуға үміткер Бағдарламаға қатысушы (немесе оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

 

         1) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуға өтініш;

         2) жеке басты куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);

         3)кәсіпкерлік субъекті болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (куәліктің көшірмесі)/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі;

         4) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;

         5) кәсіпкердің Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

         6) кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған) көшірмесі;

 

Мемлекеттік гранттарға қатысу үшін құжаттар жинау ағымдағы жылдың 5 ші наурызына дейін қабылданады.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 10 – наурызында мемлекеттік гранттарды беру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтетіндігін хабарлаймыз.

Ескерту: Мемлекеттік гранттарды беру жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес бірінші тоқсанда 10 грант беру жоспарланған. Осыған сәйкес мемлекеттік гранттарға қатысу үшін алғаш болып құжаттарын тапсырған 30 үміткердің өтініші ғана қаралады.

Қалған гранттар жоспар бойынша үшінші тоқсанда берілетін болады.

Толығырақ мәлімет алу үшін «Шет ауданының халықты жұмыс пен қамту орталығына» жүгіне аласыздар. Байланыс тел: 8(71031) 22130,22195