АУДАН ӘКІМІ БҮЛДІРШІНДЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

АУДАН ӘКІМІ БҮЛДІРШІНДЕРДІ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!


Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауданымыздағы Ақсу - Аюлы ауылындағы көпбалалы отбасының шаңырағына барып балғындарды мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Жалғыз басты, 5 баланың анасы А.Есмахаева өздеріне арнайы ат басын бұрып келген аудан басшысына алғысын білдірді. Айта кетелік, мереке қарсаңында аудан әкімдігінің қолдауымен «Ақтілеу» қайырымдылық қоры арқылы дәл осындай сыйлық 16 отбасына және ауданымыздағы кәсіпкерлердің демеушілігімен 4 отбасындағы бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлық пен киімдер, азық – түлік тарту етілген. Ал, жалпы аудан бойынша бір ғана аналар кеңесінің қолдауымен 340 отбасындағы балалар мерекелік сыйлықтарға ие болды.