ЖАҢА ЖЫЛДА 100ГЕ ТОЛҒАН ҚАРИЯ!
1қаңтар күні - ауданымызға қарасты Ақшатау кентінің тұрғыны К.Серикова 100 жасқа толды. Көкірегі бұлақ, кеудесі шежіре қартты Ақшатау кентінің әкімі Қ.Омарбай арнайы құттықтап барып, абыз анаға аудан әкімі мен мәслихат хатшысының және кент әкімінің "Құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстап, қазақы кәдемен сый - сияпат жасады.
Күлхан Қалиқызы ғасыр жасаған уақытында көптеген заманалар мен қиын кезеңдердің көзі тірі куәгері.Сұрапыл соғыс уақытында майдан даласындағы жауынгерлерге көмек көрсету мақсатында тылда еңбек етіп,бейбіт заманда Ақшатау кентіндегі сбербанкте аға кассир болып ұзақ жылдар қызмет атқарған. Бүгінде Күлхан анамыздан 5 ұл, 2 қыз өсіп - өніп, олардан 15 немере, 33шөбере, 2шөпшек сүйіп отыр.