
Отырыс барысында ауылдық елді мекендердегі қоғамдық бастамаларды дамыту мәселесі күн тәртібіне енгізіліп, жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша отырысқа қатысушылар ауылдық елді мекендердегі қоғамдық белсенділікті арттыру, тұрғындардың бастамаларын қолдау және жергілікті қоғамдастықтың дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Жиын қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар назарға алынып, қоғамдық бастамаларды қолдау және ҮЕҰ-мен бірлескен жұмысты одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.