Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі штаб құрылып, алғашқы отырысы өткізілді

Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі штаб құрылып, алғашқы отырысы өткізілді

Этносаралық келісім – тұрақтылықтың негізі
Шет ауданында этносаралық қатынастар саласындағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі штаб құрылып, алғашқы отырысы өткізілді.
Отырыс барысында аудандағы этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді нығайту, ықтимал келеңсіз жағдайлардың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды.
Штаб мүшелеріне ауылдық округтердегі қоғамдық көңіл-күйді тұрақты бақылауда ұстау, этнос өкілдерімен өзара байланысты күшейту және туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Шет ауданында татулық пен бірлікті сақтау – ортақ міндет. Бірлік бар жерде – береке бар!