Шет ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында елді мекендерді көгалдандыруға бағытталған ауқымды акция өтті

Шет ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында елді мекендерді көгалдандыруға бағытталған ауқымды акция өтті

Шет ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында елді мекендерді көгалдандыруға бағытталған ауқымды акция өтті. 
Іс-шара аудан орталығы Ақсу-Аюлы ауылының орталық саябағында ұйымдастырылып, акция барысында оның аумағына 100-ге жуық көшет отырғызылды. Жалпы, акция аясында аудан бойынша барлығы 1000-ға жуық ағаш егіліп, аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары белсенді жүргізілді. 
Экологиялық шараға Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Қатысушылар бірлесе ағаш отырғызып, өңірді көркейтуге өз үлестерін қосты. 
Шет ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары өз жалғасын табуда.