🏆 ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЖЕРЛЕСІМІЗ! 🇰🇿🐺

🏆 ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТҚАН ЖЕРЛЕСІМІЗ! 🇰🇿🐺

Қырғызстан елінде өткен Көшпенділер ойындарында Қазақстанның атынан көк бөріден бақ сынаған жерлесіміз Тақауиев Мирас жүлделі II орынға ие болып, елге абыроймен оралды! 🏆👏

Мирас ел намысын қорғап, ұлттық спорттың мәртебесін биіктетіп, Қазақстанның көк байрағын көкке көтерді. 🇰🇿

Жеңімпазымызды ауыл тұрғындары зор қошеметпен, ақ тілектерін арнап қарсы алды. Ауыл азаматтары құрмет көрсетіп, астына ат мінгізіп, қанжығасына серке байлады. 🐎🐐

Бұл — бір азаматтың ғана емес, бүкіл ауылдың мерейі мен мақтанышы!

Мирас, жеңісің құтты болсын! Ел намысын абыроймен қорғағаның үшін алғысымыз шексіз! Алдағы додаларда да биіктерден көріне бер! 🇰🇿🔥

#КөшпенділерОйындары #Қырғызстан #КөкБөрі #ТақауиевМирас #Қазақстан ҰлттықСпорт АуылМақтанышы Жеңіс ЕлНамысы