Қарағанды облысында күрделі бедер жағдайында өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда
Қарағанды облысында өртті сөндіру жұмыстарына қатты жел мен таулы жердің күрделі бедері кедергі келтіруде. Елді мекендерге қауіп жоқ. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттің алдын алу бағытында аянбай еңбек етуде. Жағдай бақылауда. Өрт ошақтары толық сөндірілгенге дейін жұмыстар жалғасады.