
Қарағанды облысында табиғи және дала өрттерін сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Шет ауылдық округінің Үңірек ауылы маңындағы өртті сөндіру үшін су төгетін құрылғымен жабдықталған ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Авиациямен жалпы көлемі 12 тонна су болатын 4 рет су тастау жұмысы жүргізілді.
Қазіргі уақытта ашық аумақтағы және Шет орманшылығы аумағындағы өрт ошақтары оқшауланған. Өртті сөндіру таулы-қыратты жердің күрделі рельефіне байланысты қиындады. Бұл техниканың жекелеген ошақтарға жетуін қиындатты.
Оқиға орнында ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының бөлімшелері, сондай-ақ С. Сейфуллин және Красная Поляна ауылдарының әкімдік өкілдері жұмыс жүргізуде. Барлығы жұмыстарға 120-ға жуық адам және 30-дан астам техника жұмылдырылған.
Бүгінде Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарындағы үш табиғи және үш дала өрті бақылауда. Барлық ошақтар оқшауланған. Жекелеген аумақтарды сулау және бықсып жатқан ошақтарды толық жою жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай Қазақстан Республикасы ТЖМ бақылауында. Өртті толық жою жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.