
Іс-шара барысында адам денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген сала мамандарына құрмет көрсетіліп, олардың кәсіби қызметіне жоғары баға берілді.
Мерекелік жиында Шет ауданының әкімі медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлестері үшін Алғыс хаттар табысталды.
Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жауапты еңбегі мен халық саулығын сақтаудағы маңызды қызметіне ризашылық білдіріліп, алдағы жұмыстарына табыс пен толағай жетістіктер тіленді.