Құрметті жерлестер!
Қадірлі мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері және сала ардагерлері!
Бүгінгі күн тәуелсіз Қазақстан халқы үшін айрықша маңызға ие.
Жыл сайын біз 23 маусымды еліміздегі мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде атап өтіп келеміз.
Қос мереке иелерінің де негізгі мақсат-мүддесі бір. Ол мемлекеттің өсіп-өркендеуіне, әлеуметтің әлеуеті көтеріліп, ішкі тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау. Шежірелі өлкемізде жүздеген әріптестеріміз мемлекеттік қызмет саласында халық пен билік арасында алтын көпір болып, мемлекеттік саясаттың оң жүргізіліп, бұқара қауымға арналған түрлі бағдарламалардың жүзеге асуына аянбай еңбек етсе, полиция қызметкерлері ата заңымыздың сақталуы мен қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығаюына үлес қосып, тәуекелшілігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен өз міндеттерін адал атқаруда.
Ендеше қос мереке иелерін бүгінгі айтулы мерекемен барша аудан тұрғындары атынан шын жүректен құттықтаймын!
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бойларыңызға қуат, ел игілігі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс пен сәттілік тілеймін!
М.Мұхтаров