
Аудан әкімі М.Мұхтаров Ақадыр кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудан прокуроры Б.Абдулахат және ауданның сала бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында кент әкімі жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған негізгі бағыттар туралы баяндама жасады.
Аудан басшысы кентте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, кент халқының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, жол сапасы, абаттандыру және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі барлық ұсыныстар мен сұрақтарды назарға алып, тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.
Есеп беру соңында аудан әкімі тұрғындарды өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.