
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров Ақсу-Аюлы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудан прокуроры Б.Абдулахат және ауданның сала бөлім басшылары қатысты. Кездесуде Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Д.Смаиловтың жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылған ауқымды жұмыстар есебін беріп, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі басымдықтар мен даму жоспарлары туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады.
Тұрғындармен кездесу ашық диалог және сұрақ-жауап форматында өтті. Белсенді ауыл тұрғындары тарапынан округтің инфрақұрылымын одан әрі дамыту, коммуналдық қызмет сапасын арттыру, көшелерді абаттандыру және әлеуметтік салаларға қатысты бірқатар өзекті тақырыптар мен ұсыныс-пікірлер көтерілді.
Аудан әкімі М.Мұхтаров тұрғындар тарапынан қойылған әрбір сауал мен өтінішті мұқият тыңдап, хаттамаға енгізді. Аудан басшысы айтылған мәселелердің барлығы заң шеңберінде кезең-кезеңімен шешілетінін және әрбір ұсыныс өзінің жеке бақылауында болатынын айтты. Жиын қорытындысы бойынша тиісті бөлімдер мен сала жетекшілеріне нақты әрі мерзімді тапсырмалар жүктелді. Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды өзге де мәселелері бойынша жеке қабылдады.