АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР МЕН КЕНТТЕРДЕ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР МЕН КЕНТТЕРДЕ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Көктіңкөлі, Батық және Ақой ауылдық округтерінде тұрғындармен есеп беру кездесулері өтті.

Кездесу барысында округ әкімдері жыл басынан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған негізгі бағыттар туралы баяндама жасап, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Атап айтқанда, тұрғындар көше жолдарын жөндеу және асфальттау, көше жарық шамдарын орнату, электр желілерінің жай-күйі, сондай-ақ тұрғын үй кезегі мәселелерін көтерді.

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Садықов барлық ұсыныстар мен сұрақтарды назарға алып, тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді.

Кездесу соңында азаматтар жеке қабылдауға жазылып, өз мәселелерін жеке түрде жеткізді.