ЕРЛІК ПЕН ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ

ЕРЛІК ПЕН ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ

Мәдениет үйінің алыңында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Аталмыш жиынға аудан әкімі М. Мұхтаров, мәслихат төрағасы С. Социал, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, аудан сала басшылары, оқушылар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Мерекелік шара барысында аудандық мәдениет саласының өнерпаздары патриоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Салтанатты кешті мәдениет үйінің жанынан құрылған, ардақты ата-әжелерімізден тұратын «Атамекен» ансамблі әсем әндерімен түйіндеді.