
Орталық саябақта 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерттік кеш ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аудан әкімі М.Мұхтаров аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып бара жатқан жас сарбаздарға ақ жол тілеп, ізгі лебізін білдірді.
Сонымен қатар, әскер қатарына шақырылған 6 жас сарбазға Жастар ресурстық орталығы атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Сыйлықтарды аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы А.Карашин тапсырды.
Мерекелік кеш аясында патриоттық әндер орындалып, концерттік бағдарламалар ұсынылды. Сондай-ақ, Ж.Ақылбаев және Ы.Алтынсарин атындағы мектептердің 9-сынып оқушылары саптық марш көрсетіп, көпшілік назарына патриоттық рухтағы өнерлерін ұсынды. Іс-шара тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, патриоттық рухты нығайтуға бағытталды.
Барша Отан қорғаушыларын мерекемен құттықтаймыз!