1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шет ауданында ұлттаралық татулық пен достықты дәріптейтін «Бір шаңырақ астында» атты аудандық фестиваль ұйымдастырылды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шет ауданында ұлттаралық татулық пен достықты дәріптейтін «Бір шаңырақ астында» атты аудандық фестиваль ұйымдастырылды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Шет ауданында ұлттаралық татулық пен достықты дәріптейтін «Бір шаңырақ астында» атты аудандық фестиваль ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Карсембаев сөз сөйлеп, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік іс-шара аясында ауданның мемлекеттік мекемелері мен бөлімдері, сондай-ақ ауылдық округтер мен кенттер белсенді атсалысып, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнері, ұлттық тағамдардың көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қонақтарға әртүрлі этностардың ас мәзірі кеңінен таныстырылды.
Мерекелік концерттік бағдарлама аудан тұрғындары мен қонақтарына жоғары рухани көңіл-күй сыйлады.
Аталған шара қоғамдағы достық қатынастарды нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған. Фестиваль бірлік пен берекенің жарқын үлгісіне айналып, қатысушылардың жоғары бағасына ие болды.