Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылындағы аудандық мәдениет үйінің алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді

Іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Карсембаев қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Мерекелік іс-шараға аудан мекемелері белсенді қатысып, әртүрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен тағамдарын ұсынды. Сонымен қатар, мерекелік концерт ұйымдастырылып, өнерпаздар өз өнерлерін паш етті. Ауыл тұрғындары іс-шараға белсене қатысып, мереке жоғары деңгейде, көтеріңкі көңіл-күймен өтті.