2026 жылдың 23 сәуір күні Шет ауданында Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысы Ж.Ешмуханов төрағалығымен «Ашық есік күні» өтті

2026 жылдың 23 сәуір күні Шет ауданында Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысы Ж.Ешмуханов төрағалығымен «Ашық есік күні» өтті

Жиын барысында Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары М.Жумкин мемлекеттік қызмет барысындағы әдеп жөніндегі нормаларға тоқталып, Өсімдіктер қорғау жөніндегі мемлекеттің инспекция бөлімінің басшысы А.Сәкімбай және Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ж.Мухамадиева сала бойынша атқарылып жатқан қызметтер туралы сөз сөйледі. Жергілікті тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, өзекті мәселер талқыланды. Айта кетсек, Шет ауданының Фермерлер одағының төрағасы Мейрам Касембеков мал бордақылауға сатып әкелінетін жемдік дақылдардың сапасын тексеру тәртібі бойынша қойған сұрақтарына жауабын алса шараға қатысқан бір қатар ауыл әкімдері биылғы шегірткемен күрес жайлы мағлұматтар алды.
📌Сонымен қатар, инспекция басшысы Ж.Ешмуханов аудан тұрғындары және шаруа қожалықтарының өкілдерімен жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдау барысында олардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, маңызды мәселелер қарастырылды. Әрбір азаматтың сұрағы назарға алынып, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.